Жол қозғалысына қатысушылардың міндеттері

 Қазақстан Республикасының әрбір азаматы жол қозғалысына қатысушы болғандықтан, әрине әрбірінің Қазақстан Республикасы Жол қозғалысының ережелерiн білуі міндет. Алайда әрқайсысымыз жауапкершілікті жете түсініп, ережені бастан-аяқ оқып жатпаймыз. Тек біреріміз ғана жүргізушілерді дайындау курсына жазылып, барып жатсақ, жол қозғалысына байланысты атаулы шараларға қатысып жатсақ, ал оқушыларымыз мектеп қабырғасында ғана оқып жатады. Мына қауырт тірлік барысында бұны саралап жатқан да адамның азы рас. Сол себепті сіздер үшін жол қозғалысы қатысушыларының әрбірінің незізгі  міндеттеріне қысқаша ғана тоқталып кетсек артық болмас. Айта кетерлігі, біз тек қана маңызды дегендерге ғана тоқталдық. Мысалы қауіпсіздік белдігін тағу, мас күйінде, жол қозғалысы қауіпсіздігіне қатер төндіретіндей ауру немесе шаршаған жағдайда көлік құралын басқаруға болмайтындығы, жүріс бөлігіне қоқыс, қозғалыс үшін қауіп туғызатын заттар лақтыруға тыйым салынатындығы сияқты онсыз да белгілі, әрбірімізге таныс міндеттер мен талаптарға тоқталған жоқпыз.  Сонымен біріншіден Қазақстан Республикасы Жол қозғалысы ережелерiнің 1.6- тармағына сәйкес «Жол қозғалысына қатысушылар қозғалысқа қауiп туғызбайтын және зиян келтiрмейтiндеу iс-қимыл жасауы тиiс.

Жол төсенiштерiн бүлдiруге немесе ластауға, қозғалыс үшiн кедергi келтiретiн жол белгiлерiн, бағдаршамды және басқа да қозғалысты ұйымдастыру техникалық құралдарын алып тастауға, тасалауға, бүлдiруге, өздiгiнен орнатуға тыйым салынады. Кедергi келтiретiн адам оны жоюдың барлық мүмкiн болатын шараларын қабылдауға мiндеттi, ал ол мүмкiн болмаған жағдайда қауiптiлiк туралы қол жететiн құралдармен қозғалысқа қатысушыларға және iшкi iстер органына хабарлауға мiндеттi».

Сондай-ақ,  Қазақстан Республикасының аумағында көлiк құралдарының оң жақты қозғалысы белгiленген.

Екіншіден, Жол қозғалысы ережесінің 2.8-тармағына сәйкес «Тежегiштiң жұмыс жүйесi немесе рульдiк басқаруы жұмыс iстемейтiн болса, ақауы бар тiркеу құрылғысымен (поезд құрамында), сондай-ақ тәулiктiң қараңғы уақытында жолдарда жасанды жарықтандыру болмағанда немесе жеткiлiксiз көрiнетiн жағдайларда - фарлар мен (немесе) артқы үлкен оттары жанбайтын (жоқ) болса, жаңбыр немесе қар жауып тұрғанда жүргiзушi жағындағы терезе тазалағыштың ақауы болса, көлiк құралының қозғалысына тыйым салынады».

Ал енді жол қозғалысына қатысушылардың нақты міндеттеріне тоқталсақ, 2.1-тармақта көрсетілгендей  «Механикалық көлiк құралының жүргiзушiсi мыналарға мiндеттi (мұндағы  механикалық көлiк құралы - двигательмен қозғалысқа келтiрiлетiн мопедтен басқа көлiк құралдары. Термин сондай-ақ кез-келген тракторға және өздiгiнен жүретiн машиналарға қолданылады):

2.1.1. Мыналарды өзiмен бiрге алып жүруi және iшкi iстер органдарының (полиция) оған уәкiлеттi лауазымды адамдарының талап етуi бойынша оларға тексеруге беруге:

- көлiк құралын жүргiзу құқығына жүргiзушiнiң куәлiгi (жүргізуші куәлігінің орнына берілген уақытша куәлік және жүргiзушiнiң жеке басын куәландыратын құжат);

- көлiк құралдарына тiркеу құжаттары;

- көлiк құралының иесi болмағанда басқарған жағдайда - осы көлiк құралына иелiк етудi немесе пайдалануды, немесе билiк ету құқығын растайтын құжат;
- мемлекеттік немесе міндетті техникалық байқаудан өткендігі туралы құжат;

- заңнамада белгіленген жағдайларда көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру жөніндегі сақтандыру полисі және/немесе жолаушылардың алдында тасымалдаушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру жөніндегі сақтандыру полисі;

- белгiленген жағдайларда жол қағазы мен таситын жүкке құжаттар.
Заңдарда көзделген жағдайларда, тексеру үшiн Көлiктiк бақылау комитетiнiң қызметшiлерiне арнаулы рұқсаттаманы, халықаралық тасымалды жүзуге асыру кезіндегі рұқсаттама мен лицензияны (немесе есеп құжатын) көрсетсiн. Арнаулы рұқсаттама мен рұқсаттама болмаған жағдайда Көлiктiк бақылау комитетiнiң қызметшiсiне көлiк құралын басқару құқығы үшiн жүргiзушінiң куәлiгiн (жүргізуші куәлігінің орнына берілген куәлік мен жүргiзушiнiң жеке басын куәландыратын құжат) алу үшiн көлiк құралына арналған тiркеу құжаттарын, жол жүру парағы мен тасылатын жүкке арналған құжаттарды тапсырады.

 

Жаяу жүргіншілердің міндеттері:

3.5. Реттелмейтiн жаяу жүргiншiлер өтпелерiнен, жаяу жүргiншiлер көлiк жүретiн бөлiкке жақындап қалған көлiк құралымен арақашықтықты, оның жылдамдығын бағалап және кесiп өту олар үшiн қауiпсiз екендiгiне көз жеткiзгеннен кейiн шығуына болады. Көлiк жүретiн бөлiктi жаяу жүргiншiге арналған өтпеден тыс жерлерден кесiп өту кезiнде жаяу жүргiншiлер, бұдан басқа көлiк құралдары үшiн кедергi келтiрмеуi және жақындап қалған көлiк құралының жоқтығына көз жеткiзбейiнше тоқтап тұрған көлiк құралының немесе көрiнудi шектейтiн өзге кедергiнiң тасасынан шықпауы тиiс.

3.7. Жарқылдайтын көк маягi бар және арнайы дыбыс сигналы iске қосулы көлiк құралы жақындаған кезде жаяу жүргiншiлер жолдан өтпей тұра тұрады, ал жол үстiндегiлер осы көлiк құралдарына жол беруi және мүмкiндiгiне қарай көлiк жүретiн бөлiктi босатуы тиiс. 

3.8. Маршруттық көлiк құралы мен таксидi көлiк жүретiн бөлiкке қарағанда биiгiрек тұрған отырғызу алаңдарында, ал жоқ болған жағдайда - тротуарда немесе жол жағасында тұрып күтуге рұқсат етiледi. Биiгiрек отырғызу алаңдарымен жабдықталмаған аялдама пункттерiнде көлiк құралына отыру үшiн көлiк жүретiн бөлiкке шығуға ол тоқтағаннан кейiн ғана рұқсат етiледi. Түскеннен кейiн көлiк жүретiн бөлiктi кiдiрместен босату керек.

4. Жолаушылардың мiндеттерi

4.1. Жолаушылар: қауiпсiздiк белдiгi бар көлiк құралымен жүргенде оларды бекiтуге (2.1.2.-тармақты ескерiп), ал мотоциклмен жүргенде - мотошлемдi түймелеуге; тротуар немесе жол жағалауы жағынан және көлiк құралы толықтай тоқтағаннан кейiн ғана отырғызуға және түсiруге мiндеттi.

 Егер тротуар немесе жол жағалауы жағынан мүмкiн болмағанда, ол қозғалысқа басқа қатысушылар үшiн қауiпсiз және кедергi келтiрмейтiндей болмағанда ғана көлiк жүретiн бөлiгi жағынан жүзеге асырылуы мүмкiн. 

4.2. Жолаушыларға: жүргiзушiнi көлiк құралы қозғалысы кезiнде оны басқарудан алаңдатуға; борт платформасы бар жүк автомобилiнiң үстiнде келе жатып түрегелiп тұруға, бортқа немесе борттан биiк тұратын жүк үстiне отыруға; көлік құралының қозғалысы кезінде оның есігін ашуға, сондай-ақ терезе ойығынан, люктен басын шығаруға тыйым салынады.

 

Тұрғын аймақтардағы қозғалыс.

Бұл жөнінде Жол қозғалысы ережелерінің 17-тармағында кеңінен берілген.

17.1. Тұрғын аймақтардағы жаяу жүргiншiлер қозғалысына тротуармен де, сол сияқты жүрiс бөлiгiмен де рұқсат етiледi. Тұрғын аймақтардағы жаяу жүргiншiлер артықшылықпен пайдаланады, сонымен қатар олар қозғалыстағы көлiк құралдарына негiзсiз кедергi келтiрмеулерi керек. 

17.2. Тұрғын аймақта:

көлiк құралдарының тура қозғалуына;

көлік құралдарының жүрiс бөлiгiнен тыс қозғалысына;

үйрену үшiн жүруге;

iстеп тұрған двигательмен тұруға;

рұқсат етiлген ең жоғары массасы 3,5 т. артық жүк автомобильдерiнiң, автобустардың арнаулы бөлiнген және белгiлермен және (немесе) таңбалармен белгiленген арнаулы орыннан тыс тұруына;

дыбыстық сигнал беруге, әуенді қатты қосуға;

тротуарларда, гүлзарларда, балалар және ойын алаңдарында тоқтауға тыйым салынады.

17.3. Жүргiзушiлер тұрғын аймақтан шығу кезiнде қозғалысқа басқа қатысушыларға жол беруi тиiс. 

17.4. Осы бөлiмнiң талаптары, сондай-ақ аула аумақтарына да қолданылады.

 

Бұларды әрбір жүргізуші мен жолаушы, сонымен  қатар жаяу жүргінші біліп жүрсе жол қозғалысы барысында келеңсіз оқиғалар да, кесірлі кедергілер де болмас еді. Жоғарыда баяндалғандарды естеріңізге сақтап, назарларыңызда ұстасаңыздар біздің де еңбегіміз зая кетпеді деп білеміз.

 

06.02.2014 в 11:55    3576

Материал подготовил(а): newsmaker


Комментарии (1)
Айган 07.02.2014 в 14:46
баримиз миндетимизди билип журсек кандай жаксы))) бузылмаушы еді ережемиз, кен болушы ед керегемиз!


Последние обсуждения

Нагрузка у детей в школах большая. Мой сын в 9 классе учиться в Астане же. Приходит со школы и ... Стала известна причина смерти школьника из Астаны

Родительница

08.12.2016 в 19:29

"Если мы будем соответствовать международным стандартам, мы уже будем в упрощенном порядке ... Обязательное прохождение дактилоскопической регистрации

Viper

08.12.2016 в 13:24

Ты что, нерусский штоле? Простые слова и выражения даже не понимаешь. В Атырау повешенным в гараже нашли армейского лейтенанта.

Путин

07.12.2016 в 11:33

Недавно делала страховку на автомобиль и мне сообщили, что с нового 2017 года цены на страховой ... Обязательное страхование для всех водителей или сколько стоит страховка на автомобиль в Казахстане? 

diamond

07.12.2016 в 10:42

Что за постановка слов в предложении господа журналисты. Абрра кадабрра какая то. Что значит ... В Атырау повешенным в гараже нашли армейского лейтенанта.

влад

07.12.2016 в 10:16

Пока нет начнут казнить за подобное-будет продолжаться насилие.Смерти боятся все,даже такие ... Страшная смерть 6-и летней Вики из Актау. Родственники девочки просят смертной казни для насильника

Злюка

07.12.2016 в 09:38

Проверить штрафы Проверить онлайн штрафы за нарушения ПДД на сайте auto.kz

Жасулан

04.12.2016 в 23:42

Мы в социальных сетях

Мобильные приложения

iPhone/iPad
Android

Auto.kz автомобильный портал Казахстана

Использование редакционных материалов разрешается при обязательной установке активной гиперссылки на сайт AUTO.kz, для печатных изданий — с формулировкой «По материалам интернет-автопортала AUTO.kz»

2013 - 2016 © AUTO.kz

Яндекс.Метрика