ТАЛДАУ БАР, ТАЛҒАМЫҢ ҚАНДАЙ (3)

 

 

(Басы алдағы сандарда)

 

Сонымен қатар түс машина жылдамдығын, оған дейінгі қашықтықты бағалауға да әсер етеді екен. Мысалға, қызыл түсті автокөлік көк және жасыл түсті көліктерге қарағанда жылдам қозғалып, жақын қашықтықта тұрғандай көрінеді. Бұған қоса түс тіпті машинаның пішіні, сыртқы формасына да өзгеріс енгізеді дейді мамандар. Олардың айтуына қарағанда күңгірт түсті көліктер қараған көзге ашық түстілерден кішірек болып көрінеді.  Тіпті түсіне бола кейбір машиналардың сыртқы пошымы өзгеріп, көрінбей кетуі мүмкін. Шамасы егде жастағы қариялар мен кішкентай балалардың жолда тым ашық, қызыл, сары түсті машиналардан өзін бейсаналық түрде едәуір алыс ұстауы осы себептен.

Егер сіздің автомобиліңіз ашық қызыл түсті болса, онда сіз тартымды, жылдам, мақсатқа ұмтылғыш болғандығыңыз. Бұл түстес көлікті тек батыл, жігерлі, билікке құмар және қызу мінезді адамдар таңдайды. Ал қызыл түсті сүймейтін адамдар көбіне-көп комплексті жандар болып табылады. Бұндай кісілерге тіпті қызыл боп жанған бағдаршам сигналының өзі кері әсер ететін көрінеді. Қызыл түс Қытайда мерекені білдірсе, Үндістанда өмірдің, ерік-жігердің нышаны. Осы жерде бір айтып кететін жайт жоғарыда аталған түстің қашықтықты бағалаудағы әсері, егер ашық қызыл түсті автокөлік өз жолағымен сіздің оң жағыңызды жүріп келе жатса бұл жерде жылдамдық пен сізді қуа келе  жатқан көліктің түсі тұтаса бірлесіп көз алдыңызға құйындай зулап келе жатқан  көлік сіздің темір тұлпарыңыздың жолын «қиып өтіп»  алдыңызға кесе, көлденеңдеп шығатындай болады. Бірақ бұл тек иллюзия. Егер қызыл көліктің жылдамдығы неғұрлым жоғары болса, бұл елес соншалықты  шынайы көрінеді.

Автомобиліңіз тым ашық емес тек қызыл түсті болса, онда сіздің қызығушылығыңыздың, қызбалығыңыздың аздап саябыр тапқаны.  Мамандардың айтуынша өзін босаң, солғын, көңілсіз сезінетін жүргізушілерге қызыл, алқызыл түсті көлік таңдаған жөн. Сондай-ақ қызыл түс агрессияны жоғарлататынын да есте сақтау керек.

Қызыл күрең түсті машина адамның шығармашылығын, тәуелсіздігін, өзгеше жан екендігін көрсетеді. Бұл машинаның иегерлерін айналасындағы  адамдардың өзі туралы ойы аз толғандырады.

Жасыл түс. Бұл түстің кейбір реңдері адамды жайландырады. Үндістанда жасыл түс өмір мен үміттің, Қытайда – жастық пен молшылықтың символы. Өмірдің, көктемнің, табиғаттың түсі.  Алайда жасыл түсті машинасы бар  жүргізушілер  жол бойында басқалардың ықпалынан қорқады және олар үнемі өзіне деген сенімділікті арттыруға тырысып отырады. Бірақ дәл осы түстің иегерлерінен болжап болмайтын әрекеттерді күтуге болады.

Күңгірт жасыл түсті көлік иесінің дәстүрлі көзқарасты ұстанып, сүйгеніне адал екендігінен хабар береді.

Алтын түстес көлік  иесінен оның жайлылық пен ыңғайлылықты сүйетіндігін және сол үшін төлеуге дайын екендігін байқауға болады. Сонымен қатар аталған түс иесінің ақылды және зеректігін білдіреді.

Күміс түстес автокөлік иесінің суықтығын және кербездігін білдіреді және иесін тартымды ететін бірден-бір түс. Бірақ айта кетерлігі  соңғы жылдары метал түсінің таралып кетуіне байланысты көптеген күміс түстес көліктердің иелері өз даралығынан айрылды деп есептейді мамандар.

Статистикаға сүйенсек, жақында жүргізілген есеп бойынша ақ түс  автомобиль иегерлерінің түс таңдау рейтінгісінде соңғы үш жыл қатарынан ең көп сұранысқа ие (25%), ал қара және күміс түстес автомобильдердің сатылымы барлық сатылған автомобильдердің 19 %-н құрайды екен, ең көп таралған түстердің қатарына: сұр түсті автомобильдер - 12 %, қызыл түстілер - 9 %, қоңыр түстілері – 8  % , көк түстілері - 2 % және жасыл түстілері - 2 %  жатқызылды. Автомобиль түстерін өндіруде жетекші PPG Industries компаниясының зерттеуіне қарағанда 2013 жылда әрбір төртінші сатып алушы ақ түсті таңдаған. PPG ең танымал түстер жөніндегі ақпаратты ағымдағы жылы PPG 2013 Model Year Build Data автомобильдеріне жүргізілген есептен алған. PPG сарапшылары ақ түсті көліктердің көрсеткішін Apple техникалары: iPhone смартфондары, iPad планшеттері және Mac ноутбуктерінің кең таралуымен байланыстырады. Олардың айтуынша ақ түс көбіне жоғары технологияның белгісі.  

2013 жылда ақ түс АҚШ, Европа және Азия елдерінде, ал күміс түстілер Оңтүстік Америкада кеңінен таралды. Ал бұған дейін күміс түсті көліктер ең танымал болды, бұл түс өз дәрежесін он жыл қатарынан ұстап тұрған.

WXYZ телеарнасының деректері бойынша PPG-дің автомобильдер жабындысын лактап бояу бойынша вице-президенті Синди Никамптың өзі ақ түсті көлік жүргізеді. Оның айтуында машинаның түсі автомобильдің ерекшелігін сипаттайтын манифест. Мысалы:  спорттық машиналар дәстүрлі түрде қызылға, пикаптар  жер түстес, қоңыр  түстерге, ал гибрид пен электромобильдер – көгілдір, жасыл түстерге боялады.

Сонымен қатар компания автокөлік өндірушілеріне болашақ түстер трендісі бойынша өз ұсыныстарын жасамақшы. Қазіргі күнде PPG 2016-2017 жылдардың түстері бағдарламасын жасау үстінде.  PPG түс таңдау бойынша менеджері Джейн Харингтонның айтуы бойынша алдағы уақытта көк-жасыл бағалы тастар түсі іспеттес және қызыл- қызғылт-сары метал түсті көліктердің саны артады. Ал Basf концерні сарапшыларының болжамына сүйенсек алдағы бес жыл табиғи түстер, атап айтқанда көк, мыс тектес, топырақ және жидек түстес реңктер белең алады. Basf пайымдауынша бұл түстердің сатылымы экологиялық таза автокөлік технологиясы арқылы сатып алушылардың қоршаған ортаны қорғауға деген сүйіспеншілігімен артады.

Әркімнің өз талғамы бой көрсетер бұл жерде. Алайда бұл айтқандарымыз назарларыңызда болса таңдауыңызды өз темпераментіңізбен байланыстыра отырып дұрыс анықтап аларсыз деген ойдамыз.

                                                                                              (Соңы)

АМАНГЕЛДІ АЙҒАНЫМ

06.11.2013 в 10:59    1031

Материал подготовил(а): newsmaker


Комментарии

Комментариев пока нет



Последние обсуждения

Я тоже пострадала от мошенника , на сайте колёса уз. Нашла объявление о продаже машины Нисан ... Внимание - мошенники!

Дина

22.04.2017 в 23:35

Чувствуют себя героями , преследуя женщину с ребёнком ! Трусы конченные Московские нацисты плеснули полуторагодовалому узбекскому ребенку кислотой в глаза.

Патя

14.04.2017 в 13:53

Ишо ты, мусульмане как возбудились.... Кяфиры кококо то, кяфиры кококо это. По такой логике вы все ... Московские нацисты плеснули полуторагодовалому узбекскому ребенку кислотой в глаза.

Raym

10.04.2017 в 19:50

А что, слабо в центре Грозного так себя вести? Московские нацисты плеснули полуторагодовалому узбекскому ребенку кислотой в глаза.

Сергей

10.04.2017 в 17:57

Вы думаете, в Украине Ваши соотечественники сейчас ведут себя лучше? Они показали себя настоящим ... Московские нацисты плеснули полуторагодовалому узбекскому ребенку кислотой в глаза.

Татьяна

10.04.2017 в 14:43

Господи, помоги этому малышу! Если " второй линейный отдел спустя несколько месяцев начал ... Московские нацисты плеснули полуторагодовалому узбекскому ребенку кислотой в глаза.

Владимир

10.04.2017 в 11:43

Тот кто сделал это больной человек, у которого ни когда не было любви к своей семье ,и этот человек ... Московские нацисты плеснули полуторагодовалому узбекскому ребенку кислотой в глаза.

СЕЙМУР

10.04.2017 в 08:34
Последние сообщения с форума

В нашей стране майские праздники традиционно отмечаются на широкую ногу. Дело даже не столько в самих праздниках, сколько в удачном ... Как провести майские праздники с пользой

EU-APTEKA

24.04.2017 в 19:29

Мне вот тоже говорят, что я ее только ломаю, но даже при наличии гарантированного места ремонта, научилась (и пару раз до ужаса ... Вопрос девушкам:кто заботится о вашем авто?

Donnikev_689772668

24.04.2017 в 09:25

ну если у мужа своё СТО, то какие могут быть вопросы конечно, он сам будет всем заниматься моя на машине своей только ездит. Ну и еще ... Вопрос девушкам:кто заботится о вашем авто?

Armin

24.04.2017 в 02:18

 Конечно я навряд ли имею честь называть себя мотоциклистом даже на уровне любителя, но кое-какое понятие все же в этом у меня ... Ответы на частые вопросы новичков по мототеме.

Viktor26

22.04.2017 в 17:45

Cо многими автомобилистами обсуждали, но многие против всесезонки. Она на все 100 не выкладывается на зимних дорогах. Я взял себе за ... Всесезонная резина + и -

Mishanya

21.04.2017 в 02:01

Мы в социальных сетях

Мобильные приложения

iPhone/iPad
Android

Auto.kz автомобильный портал Казахстана

Использование редакционных материалов разрешается при обязательной установке активной гиперссылки на сайт AUTO.kz, для печатных изданий — с формулировкой «По материалам интернет-автопортала AUTO.kz»

2013 - 2017 © AUTO.kz

Яндекс.Метрика