ТАЛДАУ БАР, ТАЛҒАМЫҢ ҚАНДАЙ (2)

(Басы алдағы сандарда)

 

Сонымен түс әрбір жүргізуші, жаяу жүргінші және МАИ қызметкерлері үшін маңызды элемент болып табылады. Өйткені көліктің түсі қоршаған ортаны санадан тыс қабылдауға себін тигізеді.  Ғалымдар түстер мен түстердің үйлесім гаммасының адам қабылдауына және адам мінезіне әсер етуінің психологиялық, нышандық ерекшеліктерін талдап берді.

Қоңыр түс және оның реңдері. Бұл жүргізушінің жолдағы сенімділігін сипаттайтын бірден-бір түс. Бұл түсті көлікті сатып алатындар дәстүрлер мен отбасы құндылықтарын қадірлейтіндер. Сонымен қатар қоңыр түстің жағымсыз, көмескі бір реңі бар, ол – сараңдықты, өзімшілдікті, тұйықтықты, кейде зымияндықты да білдіреді. Сәйкесінше бұл түс иесі де сондай болуы мүмкін.

 Көк түс – көл-өзеннің түсі. Адамның сабырлылығын, шыдамдылығын бейнелейді.  Бұл түсті көліктің иегерлеріне рухани байлық, ой тазалығы және уайымшылдық тән. Бұлардың көбі меланхоликтер. Бұндай адамдар айналасында өзіне сенімді, мейірбанды жол қозғалысының қатысушылары (жаяу жүргінші, жүрісті реттеуші және т.б. ) болғандығын қалайды.

Көгілдір түс. Үндістанда шындықтың нышаны. Ал Қытайда қаралы түстердің бірі. Көгілдір түс көбіне жолдағы жағдайды бағалауға кедергі келтіреді.

Салат түсті көлікпен жүру жолда тым қауіпті болуы мүмкін. Себебі бұл түс иегерлері көбіне-көп жол қозғалысында өте билік құмар, ой өрісі тар, өз айтқанын, ырқын қалай болса да басқа жол қозғалысының қатысушыларына орындатуға даяр, бірақ өзі соңғы сәтте басқаруды бірден өзгертіп, қозғалыс барысын басқа арнаға бұрып кететін жандар. 

Қызғыл түсті көлікті мейірбан болғысы келетіндер таңдайды. Олар әдетте сезімтал, нәзік болып келеді. Ал бұл түс прагматикалық жүргізушілер үшін ашу тудырады.

Күлгін түс. Бұл түстің иесі өте сыпайы, рухани бай болады. Оған жол қозғалысында айналасына «сенімді орта» құру қиын емес.  

Деректерді келтірсек:

         - жарық жұлдыздар, шоу-бизнес саласындағы танымал тұлғалар көбінде өздеріне лайықтап ашық, өзгелерден оқшау түстерді таңдайды екен;

-  ақ, сұры, жасыл түсті көлік иегерлері тартымсыз, қызығушылық мейілінше аз тудырса, қызыл, күміс түстес, алтын түстес және қара түсті көлік иегерлері өте тартымды және қызығушылықты соғұрлым көбірек тудырады;

-   белгілі түс, жылтыр мөлшері және лак  автокөліктің өзімен тұтаса келіп көліктің мінезін де көрсетеді.  

- қоңыр түсті көліктер айдап әкетуге өте сирек ұшырайды. Себебі бұл түс қара түсті көліктермен қатар классика болуына қарамастан ең аз сұранысқа ие.

 

Осы тұста түске қатысты бір жайтты білгеніңіз дұрыс болар. Көліктің түсі осы темір тұлпардың жол-көлік оқиғасына тап болуы, болмауына айтарлықтай үлес қосады екен. Статисткаға жүгінсек, қара, қоңыр және жасыл түсті машиналар апатқа жиі түсетін көрінеді. Мамандар бұның себебін былай түсіндіреді: күңгірт түсті көліктердің түсі жарық жеткіліксіз болған жерлерде қоршаған ортамен бір түске малынып, көзге көрінбей кетеді. Ал ашық түсті көліктер болса бұндай жағдайда күңгірттен гөрі едәуір айқын көрінеді. Сол себепті де ақ, сары, қызыл түсті автокөліктер сол күңгірт түсті көліктерден қарағанда апатқа сирек ұшырайды. Түсі ең қауіпсіз автомобильдердің қатарына күміс түсті көліктер жатады. Бұл түстегі көлік сізді қарлы боранда, бұрқасында, әсіресе айлы түнде жол апатынан құтқарып қалатын атаулы фактор болуы да мүмкін. Бұндай машиналардың жүргізушілері өзге машиналардың жүргізушілерімен салыстырғанда ЖКО-ға екі есе сирек тап болады. Бірақ тым ашық, назар аудартатын, көзге оттай басылатын автомобильдер ЖКО-ға мүлдем тап болмайды деуге де келмейді, себебі бұл түстер жол қозғалысы барысында жүргізушілердің назарын басқа жаққа аударып, апаттың болуына себепші болады.

Сарапшылардың келтірген дерегін келтірсек соқтығыстардың 61,3 %-н күңгірт түстес автокөліктер, ал 32,6 %-н күңгірт автокөліктер мен ашық түсті автокөліктердің соқтығысы, 6,1 %-н ашық түстілер мен ашық түсті көліктердің соқтығысы құрайды екен. Бельгияда сауалнамаға қатысқан 147 полицейдің 47-сі түстер арқылы жол қозғалысы қауіпсіздігін едәуір арттыруға болатынын айтты. Тәжрибелі жүргізушілердің айтуы бойынша жолда бірден бірнеше ашық түсті көлік тап болса көп жағдайда апатқа әкеледі екен.

Алайда автокөліктің түсі апаттың болуы, болмауына әсер ететіндігіне қарамастан, оның негізгі факторы емес. Сондықтан «ең қауіпсіз» түстің иегері болсаңыз да жол қозғалысы ережесін сақтауды ұмытып кетпеңіз.

Қазіргі күнде өткен ғасырдың 70-80 жылдарындай өте ашық түстер кең таралған, мамандардың айтуынша алдағы уақытта «металл түстес» (металлик) және хамелеон түсті, яғни жарықтың әртүрлі болуына байланысты түсін өзгертіп отыратын автомобильдер классикалық түстегі көліктерді  ысырып тастайды. Сонымен қатар «табиғи» түстер, алдыңғы қатарға шықпақ. Бұл қоршаған ортаны сақтауды әрдайым назарда алып жүруге себін тигізеді дейді сарапшылар.  

 

 

 

(Жалғасы бар)

 

АМАНГЕЛДІ АЙҒАНЫМ

31.10.2013 в 14:12    1184

Материал подготовил(а): newsmaker


Комментарии

Комментариев пока нет



Последние обсуждения

Камераны Ким Ойлап тапты екен Проверить онлайн штрафы за нарушения ПДД на сайте auto.kz

Аслан

19.03.2017 в 21:41

Куплю водительское удостоверение ,я в Астане Где и за сколько можно купить водительские права в Казахстане.

Петр

15.03.2017 в 00:04

куплю водительское удостоверение. я в Астане Где и за сколько можно купить водительские права в Казахстане.

Петр

15.03.2017 в 00:04

Куплю водительское удостоверение за 60 тыс.тг. Где и за сколько можно купить водительские права в Казахстане.

Виталий

13.03.2017 в 12:56

Как вытошит машину с учота без хозяйина Проверить онлайн штрафы за нарушения ПДД на сайте auto.kz

Расул

08.03.2017 в 13:34

уроды В Астане на время следствия отпустили подозреваемого в грабежах школьников.

Viper

07.03.2017 в 09:40

Я здесь заказывал. pravodel.kz@mail.ru. Все отлично. Где и за сколько можно купить водительские права в Казахстане.

муслим

04.03.2017 в 08:10

Мы в социальных сетях

Мобильные приложения

iPhone/iPad
Android

Auto.kz автомобильный портал Казахстана

Использование редакционных материалов разрешается при обязательной установке активной гиперссылки на сайт AUTO.kz, для печатных изданий — с формулировкой «По материалам интернет-автопортала AUTO.kz»

2013 - 2017 © AUTO.kz

Яндекс.Метрика