ТАЛДАУ БАР, ТАЛҒАМЫҢ ҚАНДАЙ (1)

«Автокөлік алғым келеді. Қашаннан бергі арманым бұл... Бала күнімнен бар қиялыма қанат бітірген де осы арман. Есімде досым Ерасылдың әкесі көлік алды... Ерасылдың да, менің де қуанышымызда шек жоқ. Өзімнің әкем көлік алғандай төбем көкке жетіп еді сол кезде. Сол күні Ерасыл екеуміз ұзақ күн көліктен түспей, талай жерге бардық, әкесі бізді көлігіне салып қала аралатты... Сірә, өзі де балаша қуанған болар. Мен үшін бұл өмірімдегі ең ғажайып күн еді... Бұрын сонды мұндай күйге бөленген емеспін. Сол күні Ерасылмен бірге түн ортасына дейін жаңа көліктің әлегінде болдық. Үйге келіп, анам әзірлеген асты ішкен соң ғана шаршағанымды білдім. Бірақ  түн жарымына дейін көз іле алмадым... Күні бойғы шарлаған сан атырап, Ерасылдың әкесі алған жаңа темір тұлпар, бізде де сондай көлік болса ғой деген үлкен арман, бәрі көз алдыма тізбектеліп тізгінін тартпады...

Енді міне ертең сонаудан бергі арманыма қол жеткізбекпін. Неткен қуаныш!!!

Бүгін де түнімен көз ілмедім. Мінер көлігімнің қандай болатынын ойладым. Көз алдыма көптен көз қуанышым болып жүрген көлігімнің сыртқы сұлбасы келді. Қалай болар екен... Сырт пішіні, түрі, түсі, маркасы, техникалық сипаттамасы, тағысын-тағы...Құдай-ау, сонша әуреге салды-ау мені бұл темір, бар сабырымнан айырылдым, есім шықты... Не болды маған өзі ?! Жәй ғана темір емес пе еді бұл...»

...Бұл  - бірінші рет автокөлік алғалы отырған Батырханның ішкі арпалысы еді. Айтылған көліктің Батырханды сонша әуре-сарсаңға түсіргені де түсінікті. Бұл оның өз еңбегімен, маңдай терін сығып тапқан ақшасына алатын, оның үстіне бала күнінен арманы болған көлігі...

 Осы күйге түскен Батырханды және ол сияқты талай жанның бар екенін ескере отырып, мен бүгін болашақ автокөлік иелеріне өз қол ұшымды ұсынбақпын. Нақтырақ айтқанда мен Батырханның осы күйін пайдалана отырып, жоғарыда аталған тақырыптың («Талдау бар, таңдауың қандай») бір топ топтамасын жазып шығуды алдыма мақсат етіп қойдым. Оңайға түспес, бірақ көз қорқақ, қол батыр...

Әрине еркектердің талғамы мен әйелдердің талғамы салыстыруға келмейді. Жаратылыс тұрғысынан әртүрлі болғанымыздықтан біздің таңдауымыз да екі басқа... Алайда өз басым әйел заты болғандықтан  жоғарыда аталған тақырыптың сериясын алдымен машинаның түсінен бастауды ұйғардым. Шамасы бұл машинаның барлық сыр-қырын, техникалық сипаты мен ерекшелігін айыруда еркектерден бір саты төмен тұратын әйел қауымы үшін машина алуда ең назарға ілгетін дүние – машинаның түрі, түсі, сырт пішіні болғандықтан болар.

Әр адамның өз талғамы, өз таңдауы бары анық. Біреулер ашық, көзге оттай басылатын түстерді таңдаса, енді бірі қарапайым, көзге көп түспейтін, тиімді, яғни кір көтеретін, сырылған жағдайда байқалмайтын түстерді таңдайды. Дегенмен әркімнің қандай түсті таңдағанына қарап, жүргізушіні танып-білуге болады. Түс таңдауы арқылы жүргізушінің мінезін, өмір сүру мәнерін, талғамын, жасын, көңіл-күйін, қызығушылығын, стилін, тіпті дәрежесін де көруге болады.

Мысалы: қара түс – билік пен беделділіктің символы. Бұл түсті таңдағандар алдап-арбауға, айла-шарғыға көнбейтін жандар. Олардың кейбірі өте сырбаз, жұмбақтау  келеді. Келесі бір мәлімет бойынша қара түсті дүниеге жаны құмар адамдар – сырт келбеті ғана бақытты, қатаң тәртіптегі жандар. Олар өмірде тұнжырап жүреді және өз-өзіне сенімсіздеу болады, депрессияға жиі түседі. Осы түстес машинасы барларды сондай-ақ екі жақты адам деп сипаттауға да болады. Бұндай түсті көліктерді барлық елдің президенттері, министрлері, корольдері мен ірі бизнес өкілдерінің басым бөлігімен қатар криминалға қатысы бар адамдардың да көпшілігі мінеді.

Ақ түс – тазалықтың, жастықтың, пәктіктің белгісі. Көліктің ақ түсті болуы иесінің тазалыққа құмарлығы, тәртіпті сүйетіндігі. Осы түсті таңдауы арқылы жүргізушінің жұртшылықтан өзге көрінуден, даралығын көрсетіп, назарға ілігуден қорғалатындығын да көруге болады.  Сондай-ақ бұндай көліктер асқан ұқыптылықты қажет етеді. Бұлар жаз мезгіліндегі ең жайлы көліктер, қыс мезгілінде болса ұлпа қардың астында бұл түсті көліктер ең  қауіп тудыратын машиналар қатарына жатады.

Сұр түс көлік иесінің саналы, өз ісіне берілгендігін, сындарлылығын, сонымен қатар ол адамның басқаларға деген сенімсіздігін бейнелейді. Сұр түсті  көбіне өзін  ашық жариялағысы келмейтін адамдар таңдайды. Сонымен қатар қызуқанды жүргізушілер үшін тым ашық түсті көліктерден гөрі сұр, күңгірт түсті көліктерді алған дұрыс. Себебі  тұла бойың қызып, оттай жанғанда демікпеңді «су сепкендей басатын» дәл осы күңгірт, сұр түсті машиналар. Бұл түс әсіресе түнде өте қауіпті, дабыл жарықтары болмаса қауіп одан бетер арта түседі.   

Апельсин түстес машина иегерлерінің мінезіне келсек, олар -  жайдарман, сөзшең және тұрақсыз болып келеді. Бұл түсті интуицияға бай, арманшыл адамдар таңдайды. Алайда бұл түс жасампаздық пен екіжүзділікті де білдіреді екен. Сондай-ақ бұл түс адамдарда, тіпті жануарларда көңіл-күйдің жақсаруына көмектеседі. Сұр түс әсіресе Голландия халқының сүйікті түсі.

 Сары түс сабырлылықты, адамдар арасындағы еркін қатынасты, адам бойындағы интеллигенттілікті, сөзшеңдікті, білуге құмарлылық пен өмір атты ұзақ жолдағы батылдылықты білдіреді. Сары түсті көлік мінетіндер өмірде де, жолда да кез-келген жағдайға оңай араласып кетеді. Қайда болмасын ыңғайын тауып шығады. Ал бұл түсті жақтырмайтындар адамдармен қарым-қатынас жасай алмайтын, ұяң, өзімшілдігі бар, пессимист адамдар. Негізі сары түс мидың жақсы жұмыс істеуіне ықпал ететін, жадыда ұзақ сақталатын, адамды өзіне тартып тұратын түс. Атап айтатыны бұл түс арақашықтықты азайтып көрсетеді. Қытайда бұл түс қызылдан кейінгі ең таралғаны, ол алтын ғасыр империясының символы болып табылады.  

                                                                                     (Жалғасы бар)

 

АМАНГЕЛДІ АЙҒАНЫМ

30.10.2013 в 13:17    767

Материал подготовил(а): newsmaker


Комментарии

Комментариев пока нет



Последние обсуждения

Хочу узнать свои штрафы.Есть они у меня или нету? Проверить онлайн штрафы за нарушения ПДД на сайте auto.kz

Sailau

10.06.2017 в 14:47

mmm.вот такие вот пироги В сети появилось видео сдачи экзамена на вождение "купившей" права девушки.

kuandyk_121773

06.06.2017 в 22:08

Проверил свой авто.. Пишет что штрафов не найдено, а на самом деле он есть. Не работает онлайн ... Информация по работе с сайтом Auto.kz

Василий_128570

30.05.2017 в 20:38

российские менты не вмешиваются, потому что это спланированно на самом высоком уровне власти РФ! Московские нацисты плеснули полуторагодовалому узбекскому ребенку кислотой в глаза.

elena

25.05.2017 в 12:51

российские менты не вмешиваются, потому что такие акции спланированы и санкционируются на самом ... Московские нацисты плеснули полуторагодовалому узбекскому ребенку кислотой в глаза.

elena

25.05.2017 в 12:50

В Казахстане можно или не возможно ,поставить атермальный или плёнку хамелеон Атермальная пленка - тонировка будущего

Камал

25.05.2017 в 00:33

Добрый день, оплатила штраф еще в январе, а сейчас мне приходит уведомление о неоплаченном штрафе, ... Проверить онлайн штрафы за нарушения ПДД на сайте auto.kz

Людмила

23.05.2017 в 12:33

Мы в социальных сетях

Мобильные приложения

iPhone/iPad
Android

Auto.kz автомобильный портал Казахстана

Использование редакционных материалов разрешается при обязательной установке активной гиперссылки на сайт AUTO.kz, для печатных изданий — с формулировкой «По материалам интернет-автопортала AUTO.kz»

2013 - 2017 © AUTO.kz

Яндекс.Метрика