Тағдырлардың бітіп жатыр есебі, Жол-көлік оқиғасы кеселі

Бүгін мен күнделікті жазатын ресми нақышымнан ауытқығалы отырмын. Ойға шомып, жанымды тілгілеген тақырыпты тарқатқым келеді....

 

Тағдырлардың бітіп жатыр есебі,

Жол-көлік оқиғасы кеселі

Анасы еді, әкесе еді, жары еді

Апат болған жолдағы жан кешегі.

 

Көліктің де кесері бар есері

Бірақ шофер жолда бәрін шешеді,

Аңдап, басып, сақтықпенен айдаса

Тимес пе еді сонау жанға кеселі...

 

Бірақ пайда болмас енді айтқанмен,

Бетіне оның кінә-жала жапқанмен,

Қайтқан жанды ешкім қайтып әкелмес

Тәубәға кеп, дәмін сордың татқанмен.

 

...Қанша жанның тағдыры қиылды екен бұл түнде, қанша адам батты екен қайғы-мұңға бұл күнде. Бәріне себеп бір – жол-көлік оқиғасы. Бәлкім менің бұл тақырыпты қолға алып қалам жүгірткеніме де жақын жандарымның желікбас жас жеткіншектің жындай тірі жандарды допша қағып өткені де себеп болар. Жан түршіктірер жайт әрине, бірақ шындық және бұндай оқиғалардың қарасы да толастамақ емес.  Неге сиреп кетті бүгінде бұндай оқиғалар. Теледидар мен ғаламторды ашып қалып, құлақ салсаң бұндай фактілерден көзің қарайып, көңілің тұтылады. Сөзіміз шынайы болу үшін осы фактілерге жүгінсек: Bnews.kz –нің хабарлауынша ІІМ соңғы тоғыз айда 15.000 апат орын алғандығын есепке алған. Ағымдағы жылдың қаңтар айынан қыркүйек айына дейін  шамамен 15.5 мың ЖКО тіркелген. Бұл апаттардан екі мыңға жуық адам өмірден озып, 19,964 адам зардап шеккен. Аталған мәліметтерді ҚР Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің баспасөз қызметі жариялады. Ведомстваның хабарлауынша өткен жылмен салыстырғанда осы жылы ЖКО саны 58,7 %-ке; өлім ажалына қауышқан адам саны 3,3 %-ке, сондай-ақ әртүрлі деңгейде жарақат алған адам саны 67,4%-ке өсті.

Енді алысқа бармай бүгінгі, кешегі болған жол-көлік оқиғаларына келсек, сәрсенбі,  23 қазанда:

 

- news.nur.kz хабарлауынша Шығыс – Қазақстан облысында "Урджар-Бахты" тас жолынан 149 км-де қозғалыс барысында "Volvo" рейстік автобусының қозғалқышы және салоны өртке шомды.

-  Астана орталығында жол талғамайтын көлік (внедорожник) асқан жылдамдықпен жолдан шығып кетіп қоршауды бұзып мектеп ауласына кіріп кетті.

-. ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша сәрсенбі 23 қазан Қарағанды қаласында иномарка мен жүк көлігінің соқтығысуынан бес адам қаза болып, екі адам зардап шекті.  

-. Today.kz хабарлауынша  22 қазанда «Мазда» жүргізушісі қарсы жол жолағына өтіп кетіп жолда тұрған қоқысшығарушы (мусоровоз) машинаға тірелді. Осы соққыдан кейін «Мазда» қоршау жаққа ұшып түсті.

 

-. 18 қазанда    Алматыда  жарысқа түскен автобус жүргізушісі жол-көлік оқиғасынан әзер құтылды.

Бұл тек бүгінгі, кешегі жаңалықтар. Тізбекті әрі қарай жалғастыра берсек, шегіне жету мүмкін емес. Сондай-ақ тағы бір көңіл аудартар факті - Ресей мемлекетінің санағына жүгінсек:  Ресей жолдардында орташа есеппен әрбір 3 минут сайын бір ЖКО тіркеледі, орташа есеппен әрбір 30 минут сайын бір адам өмірден озады, әр жыл сайын 25000 адам қайтыс болады екен. 

 

Ал енді бөлек әңгіме осы оқиғаларға себеп болар не ???  Себеп жетерлік... ерінбей атап кетсек артық болмас бұл жерде. Бірінші ауыз толтырып айтуға болар басты себеп – маскүнем жүргізуші. Апаттардың жиілеуіне, тағдырлардың кері күйіне себеп болғандардың  негізгісі де осы. Әрбір адам деген атқа ие тірі жан мас күйінде көлікке отырар алдында қандай тәуекелге барғалы тұрғанын бар болмысымен түсіне алса шіркін... Бұл әрекетіне мастықтан айыққан соң жауап бере алар ма екен ?! Бір отбасының екі бірдей жаны – тірегі болар отағасы мен көз қуанышы қызынан айырған, 18 жасар мас күйінде рульге отырған ер жігіт, тағысын тағы осындай апаттарға себепші болған тағдырлар қалайша есеп береді екен өзіне оңашада, өз айнасының алдында... Түсінген адамға ең қиыны – өз-өзіңе беретін есеп емес пе... Әлде олар да қорқынышты кейіптерін көрмес үшін күні бүгінге дейін сындыра ма екен нақ кейпін көрсетер өз айнасын... Кім білсін, мүмкін есеп беруге санасы да жетпес олардың...

 

Екінші себеп  - жол жүру ережелерінің сақталмауы. Оның ішінде ең таралған түрлері, ажал құштыратын апаттардың басты себептері: басып озу және қарсы жолаққа шығу ережелерінің сақталмауы, жаяу жүргіншілердің жол ережесін ұстанбаулары, қауіпсіздік белбеуінің қолданылмауы, жылдамдықты шамадан тыс арттыру жол-көлік оқиғаларының 33% құрайды, ал жүргізу барысында ұялы телефонмен сөйлесу апаттың болуын 4 есеге ұлғайтады, тағы бір маңыздысы жүргізушінің тәжрибесіздігі. Бұған қоса қауіпсіздік белдігін пайдаланбайтын жүргізушілер мен жолаушылар арасынан жарақат алатындардың саны  46,3 %, өмірден озатындардың саны – 3 % құрайды. Ал белдік таққандар ішінде бұндайға тап болатындар 19,2 %  және 0,8 %.

Үшінші себеп - ситуациялық жағдайларда психологиялық тұрғыдан тепе-теңдігінен айырылған күйінде рульге отырған жүргізуші. Бұл жағдайда жүргізуші бұл күйінде көлігіне отырғанмен еш жеңілдік таппасы анық. Такси ұстап, рульді басқаруды басқаға беру ұтымды болмас пе еді бұл жерде.

Деректердің айтуынша ЖКО-да ауыр және ажал құштыратын жарақаттарға руль колонкасына және алдыңғы панельге соғылу себеп болады.  Ал авария барысындағы ең қауіпті соқтығыс – жанынан соғу . Төрторынды автомобильдерде ең қауіпті орын – жүргізушінің жанындағы орындық болса, бесорынды автомобильдерде  - жүргізуші қасындағы орын мен артқы орындықтардың ортасындағы орын. Бұл мәліметтер жүргізушілер назарында болса құба-құп болар еді.

 

Әрине жыл сайын елімізде жол-көлік оқиғаларының алдын-алу үшін шаралар ұйымдастырылып, ЖЖЕ сақтау бойынша бақылау күшейе түсуде. Осы күндері ҚР ІІМ  21-27 қазан аралағында республикалық масштабтағы шара – «Қауіпсіз жол» акциясын өткізуде. Бұның бәрі көз қуантарлық жағдай. Алайда біздің пайымдауымызша, әр адам өз қауіпсіздігі, қоғам қауіпсіздігі үшін жауапты және жауапкершілікті бірге алып жүру әркімге жүктелер міндет. Осыны әрқайсысымыз терең сезіне білсе мүмкін апатымыз да азайар.

Мүмкін бұл мақаланы оқып отырған жанның кейбіріне ұнамас менің жазғаным. Сынға алар, жазғырар... Бірақ бұл менің ойым, ортаға салу парызым. Керегін алар, түйгені болар кімде-кімнің... Ал осы жазғанымды оқып осы күнге дейінгі әрекетіне өкініп, сабасына түсер, жауапкершілігі артар жүргізуші болса менің мақсатыма жеткенім. Олай болса текке болмағаны түнімді ұрлатып, ойымды қозғағаным.

 

 

 

Амангелді Айғаным

23.10.2013 в 17:33    1074

Материал подготовил(а): newsmaker


Комментарии

Комментариев пока нет



Последние обсуждения

Здравствуйте,у меня такой вопрос.могу ли я узнать штрафы только по гос номеру?дело в том что я ... Проверить онлайн штрафы за нарушения ПДД на сайте auto.kz

mr.abdizhamiev_1082640548

09.12.2016 в 14:47

не могу проверить штраф, сайт откройте пжлста Правила сайта

Марат

09.12.2016 в 12:12

Нагрузка у детей в школах большая. Мой сын в 9 классе учиться в Астане же. Приходит со школы и ... Стала известна причина смерти школьника из Астаны

Родительница

08.12.2016 в 19:29

"Если мы будем соответствовать международным стандартам, мы уже будем в упрощенном порядке ... Обязательное прохождение дактилоскопической регистрации

Viper

08.12.2016 в 13:24

Ты что, нерусский штоле? Простые слова и выражения даже не понимаешь. В Атырау повешенным в гараже нашли армейского лейтенанта.

Путин

07.12.2016 в 11:33

Недавно делала страховку на автомобиль и мне сообщили, что с нового 2017 года цены на страховой ... Обязательное страхование для всех водителей или сколько стоит страховка на автомобиль в Казахстане? 

diamond

07.12.2016 в 10:42

Что за постановка слов в предложении господа журналисты. Абрра кадабрра какая то. Что значит ... В Атырау повешенным в гараже нашли армейского лейтенанта.

влад

07.12.2016 в 10:16

Мы в социальных сетях

Мобильные приложения

iPhone/iPad
Android

Auto.kz автомобильный портал Казахстана

Использование редакционных материалов разрешается при обязательной установке активной гиперссылки на сайт AUTO.kz, для печатных изданий — с формулировкой «По материалам интернет-автопортала AUTO.kz»

2013 - 2016 © AUTO.kz

Яндекс.Метрика