Полиция тоқтатқан жағдайда жүргізушінің әрекеті

Жүргізушінің жол қозғалысында өзін тоқтатқан ішкі істер органдарының қызметкерімен (полиция) қатынасу барысында өз құқын қорғап қалу амалдары, сөйлесу мәнері – көпшілікке қызық тақырып деп ойлаймын.

Сонымен, жол үстінде машинаңызды жөнімен жүргізіп келе жатқан едіңіз, кенет жол полициясы тоқтатты, сіздің әрекетіңіз: 1) Өзге көлік жүргізушілеріне кедергі келтірмей байыппен жолдың шетіне тұрақтауыңыз қажет. Заңға сүйенсек,  Қазақстан Республикасының жол қозғалысы ережелерінің 5.3 – тармағына сәйкес «Көлiк құралының аялдауын талап ету қатты дауыстау құрылғысымен немесе бip мезгiлде ысқырып сигнал бере отырып, көлiк құралына бағытталған қол қимылымен көрсетiлуi мүмкiн. Жүргiзушi оған нұсқалған орында аялдауы тиiс. Көлiк құралын тоқтатқан iшкi iстер органдарының қызметкерi (полиция) 2.3.2-тармаққа сәйкес жүргiзушiге кiдiрмей келiп, тоқтату себебiн айтуы тиiс».

Осы кезде маневрлеріңіз үшін абай болыңыз, өйткені сізді  ысқырғышы мен жезлін ұстап мұқият бақылап тұрған полиция дұрыс тұрақтамағаныңыз үшін де дәл қазір қосымша айыппұл салуы мүмкін.

Сонымен қатар, жоғарыда көрсетілген заңның негізінде жол полициясы ешбір себепсіз сізді тоқтата алмайды. Тоқтатудың бірнеше себептері болуы мүмкін. Негізгілері:

-         жол қозғалысы ережелерін бұзу, оның ішінде:

1)    Қауіпсіздік белдігін тақпау;

2)    Сіздің әрекетіңізден ішімдік ішті деп күдіктенсе;

3)    Жылдамдықты шамадан асырған болсаңыз және т.б.

-         Арнайы операцияның жүргізілуі;

 Бұл жағдайда сіз МАИ-дың сенім телефонына қоңырау шалу арқылы шараның растығын анықтай аласыз. 

-         құжатты тексеру үшін;

 Алайда құжаттарды тексеру тек қана стационарлы  посттар мен бақылау-өткізу пункттерінде жүргізіледі.

-          көлігіңіз іздеуде болса;

-         қандайда бір қылмысқа күдікті деп танылсаңыз (ЖКО, әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылыққа) және т.б.

Сонымен қандай себеп болмасын iшкi iстер органдарының қызметкерi машинаны тоқтатқан соң келіп алдымен өзін таныстырады. Тоқтату себебін түсіндіреді.  Осы кезде сіздің көліктен шығуыңыз  міндетті емес. Ешбір заңда бұлай жазылмаған. Алайда полиция егер сіз қандай да бір қылмыстың жасалуында күдікті болсаңыз, сізден ішімдік қабылдады деп сезіктенсе, автокөліктің техникалық бұзылыстарын жою және белгілі себептермен автокөлікті және/ немесе ондағы жүкті қарап шығу үшін  сіздің шығуыңызды сұрауы мүмкін. Содан кейін ғана ол сізден құжаттарды ұсынуды талап етуге құқылы.

Егер сіз ешқандай жол қозғалысы ережесін бұзбаған болсаңыз және өзіңіздің кінәсіз екеніңізге сенімді болсаңыз сол жерде сізді тоқтатқан инспектордың аты-жөнін, лауазымын өзіңіз үшін түртіп алып, хаттама жасауын талап етесіз, көліктен шықпайсыз. Өздерінің автокөліктеріне өтуді сұраса келіспейсіз. Хатама жасалғаннан соң мұқият оқып, барлық мәліметтердің дұрыстығын тексеріп шығасыз. Заңмен таныстырылды деген жолақтағы заңды іс жүзінде таныстыруын талап етесіз, болмаған жағдайда бұл жолаққа қол қоймайсыз ескерту деген жолақта таныстырмағанын жазасыз. Бұған қоса, ескерту деген жерде «Хаттамада баяндалғандармен келіспеймін, ешбір бұзушылық жасаған  жоқпын, дәлелдерді сотта баяндаймын» деп жазасыз. Осы уақытта автомобиліңізде бейнетіркеу (видеорегистратор) болса жақсы (бұл полицияның сізге деген қарым-қатынасын бірден өзгертеді), болмаса бұның бәрін телефон бейнекамерасына, жоқ дегенде диктофонға жазып алғаныңыз дұрыс болады.  

Жылдамдықты шамадан тыс асырдың деп кінәласа өлшеуіш құралдарының сертификатын сұраңыз, растығына көз жеткізіңіз.

Сізден ішімдік ішкен деп күдіктеніп, тесттен өтуіңізді сұраса бұл жерде де тест құралдарының құжаттарын сұраңыз, олардың тиісті метрологиялық тексерістен өткендігіне көз жеткізіңіз, ал егер құжаттары болмаса хаттамада «Алкотестердің сертификаты болмауына байланысты жасалған айыпты негізсіз деп есептеймін» деп жазыңыз. Ал тіпті барлық құжаттары бар дұрыс алкотестер болса да сіз оған үрлеуден бас тартуыңызға болады, өйткені алкотестер сіздің деміңізден шыққан ауадағы спирттік будың бар екенін ғана көрсетеді, бұл сіздің мас екеніңіздің көрсеткіші емес. Бірақ екі сағат ішінде жақын арадағы медициналық мекемеде тексерістен өтуіңіз керек.  

Ал егер сіздің көлігіңізде істен шыққан бұрылғыш сияқты ұсақ-түйек техникалық бұзылыстар болса онда тез арада айыппұлды төлеп, бұзылысты жойғаныңыз жөн.

 

 АМАНГЕЛДІ АЙҒАНЫМ

09.12.2013 в 14:48    4130

Материал подготовил(а): newsmaker


Комментарии

Комментариев пока нет



Последние обсуждения

Да в школах сейчас отношение к физическому состоянию школьников не из лучших. Мой сын учится в 5 ... Стала известна причина смерти школьника из Астаны

Родитель

02.12.2016 в 21:49

Тяжело видеть, как умирают дети. Почему школьный врач не смог оказать первую помощь? Почему ... Стала известна причина смерти школьника из Астаны

Сагидолла

02.12.2016 в 19:46

Насильнику, убившему 6-и летнюю девочку из Актау - беспрекословно требовать смертную казнь, в ... Двойная смерть детей при пожаре в Павлодаре

Владимир Кашпаренко

30.11.2016 в 02:49

,,,,, Проверить онлайн штрафы за нарушения ПДД на сайте auto.kz

Азат

29.11.2016 в 20:19

прибить таких матерей которые так делают Дважды выкинуть новорожденных в туалет и получить за это всего 1,5 года тюрьмы

Исахан

26.11.2016 в 13:21

У меня зарплата 50000 тенге если отдать 25000 тенге как я содержу семью грааабяяяят ауууууу ... Обязательное страхование для всех водителей или сколько стоит страховка на автомобиль в Казахстане? 

Алик

25.11.2016 в 23:28

Офигеть расценки... человеческую жизнь в 70к оценила 54-летняя женщина заказала убийство сожителя

Viper

25.11.2016 в 19:39

Мы в социальных сетях

Мобильные приложения

iPhone/iPad
Android

Auto.kz автомобильный портал Казахстана

Использование редакционных материалов разрешается при обязательной установке активной гиперссылки на сайт AUTO.kz, для печатных изданий — с формулировкой «По материалам интернет-автопортала AUTO.kz»

2013 - 2016 © AUTO.kz

Яндекс.Метрика