Оңтүстік Қазақстан облысының полиция қызметкерлері тапсырыстың құрбаны болған бұрын із-түзсіздердің қатарында жүрген 23 жастағы азаматтың өлімін ашты.

       Ағымдағы жылдың маусым айында Еңбекші ПБ-не 53 жастағы жергілікті тұрғын жақын күндері, оның 1990 жылы туылған ұлы өзінің автокөлігімен үйінен  белгісіз бағытқа  шығып кетіп, күні бүгінге дейін келмегенін жазып арызданған.

            Аталған жайтқа байланысты аудандық полиция бөлімі  жоғалған азаматқа байланысты іздеу ісін ашып іздеуге кірісті. Криминалдық полиция қызметкерлері  еңбекті көп қажет ететін  жұмыс атқарды. Олар із-түзсіз жоғалған азаматтың жүріп, тұрған жерін іздеуге кірісті. Полиция қызметкерлері  із-түзсіз жоғалған азамат аса ауыр қылмыстың құрбаны болуы мүмкін деген тұжырымды жоққа шығармады. Жоғалған азаматтың жақын туыстары мен достары сұралды. Соңында іздеу іс-шарасы өз нәтижесін беріп, жорамалдары дұрыс шыққан.

            Арада 5 ай өткенде полиция қызметкерлері қылмыскерлердің ізіне түсті. Сұрастырылған адамдардың ішінен тәртіп сақшылары жәбірленушінің автокөлігін тапқан, ал ол болса бұл көлікті өзінің танысынан 90 мың теңгеге автобөлшек ретінде алғанын айтқан. Жедел уәкілдер аталған автокөлікті сатқан 24 жастағы  Шымкент қаласының  тұрғынына шықты. Ол өзі тапсырыс бойынша жас жігітті өлтіргенін мойындаған.

          Жедел іздестіру іс-шарасы кезінде ОҚО ІІД Криминалдық полиция қызметкерлері және Ордабасы мен Еңбекші ПБ-нің қызметкерлері біріге отырып, тағы да Шымкент қаласының екі тұрғынын  1985 жылы туылған жігітпен, оның 1974 жылы туылған әпкесін адам өліміне күдікті ретінде құрықтады. Тергеу кезіндегі мәлімет бойынша 1974 жылы  туылған азаматша тапсырысты бергені анықталды.

        Тапсырыс берушінің айтуы бойынша соңғы бір жарым жыл ішінде жәбірленушімен азаматтық некеде тұрған, соңғы кездері олардың арасында жиі ұрыс жанжал шығып, арты төбелеске дейін барып отырған.  Бұған  бірден-бір себеп оның бизнесі болған.                     Жәбірленуші одан әрдайым ақша сұрап отырған. Әйелді бұл ісі жалықтырған соң ол өзінің жиенінен жәбірленушіден құтылуға көмек сұраған. Ол өзінің құрбанының өмірін миллион теңгеге бағалаған. Ал, оның туысы келісіп, өз кезегінде ол өзінің танысынан көмек сұрап  тапсырыс орындалған жағдайда жоғарыда аталған соманың жартысын беруге келіскен.

         Сол күні күдіктілер балық аулауды  сылтауратып жәбірленушіні тапсырыс берушінің «Лексус РХ 300» маркалы автокөлігімен оларды Ордабасы ауданындағы суқоймаға апаруын өтінген. Аталған жерге келген соң, күдіктілер жәбірленушіге жабылып автокөліктің қауіпсіздік белдігімен қылқындырған. Содан соң алдын-ала дайындалған күрекпен суқомайдан алыс емес жерді қазып, сол жерге  мәйітті көміп кеткен. Содан соң Шымкент қаласына қайтып келген. Күдіктінің жиені орындалған іске өзінің танысын жәбірленушінің автокөлігін беріп есеп айырылысқан.

      Аталған жайтқа байланысты ҚР КҚ-нің 96 бабы «Адам өлтіру» дәйегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұсталғандар қамауда. Тергеу амалдары жүргізілуде. Айғақ зат ретінде автокөлік, киім және күрек алынды.

                     ОҚО ІІД  Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасы

09.12.2013 в 12:33    374

Материал подготовил(а): newsmaker


Комментарии

Комментариев пока нет



Последние обсуждения

Да в школах сейчас отношение к физическому состоянию школьников не из лучших. Мой сын учится в 5 ... Стала известна причина смерти школьника из Астаны

Родитель

02.12.2016 в 21:49

Тяжело видеть, как умирают дети. Почему школьный врач не смог оказать первую помощь? Почему ... Стала известна причина смерти школьника из Астаны

Сагидолла

02.12.2016 в 19:46

Насильнику, убившему 6-и летнюю девочку из Актау - беспрекословно требовать смертную казнь, в ... Двойная смерть детей при пожаре в Павлодаре

Владимир Кашпаренко

30.11.2016 в 02:49

,,,,, Проверить онлайн штрафы за нарушения ПДД на сайте auto.kz

Азат

29.11.2016 в 20:19

прибить таких матерей которые так делают Дважды выкинуть новорожденных в туалет и получить за это всего 1,5 года тюрьмы

Исахан

26.11.2016 в 13:21

У меня зарплата 50000 тенге если отдать 25000 тенге как я содержу семью грааабяяяят ауууууу ... Обязательное страхование для всех водителей или сколько стоит страховка на автомобиль в Казахстане? 

Алик

25.11.2016 в 23:28

Офигеть расценки... человеческую жизнь в 70к оценила 54-летняя женщина заказала убийство сожителя

Viper

25.11.2016 в 19:39

Мы в социальных сетях

Мобильные приложения

iPhone/iPad
Android

Auto.kz автомобильный портал Казахстана

Использование редакционных материалов разрешается при обязательной установке активной гиперссылки на сайт AUTO.kz, для печатных изданий — с формулировкой «По материалам интернет-автопортала AUTO.kz»

2013 - 2016 © AUTO.kz

Яндекс.Метрика