БОЛАШАҚ АВТОКӨЛІГІ

Болашақ көліктеріміз, қатынас көліктері алдағы уақытта  қандай сипатқа ие болады. Қазіргі технология заманында, адамы техниканы игергеніне қарай бағаланатын уақытта, ғалымдарымыз бен өнерпаздарымыздың жарысқа түсіп, бірінен-бірі озатын дүниелерді жұрт назарына ұсынып жатқанда болашағымыздың жетер шегі қандай болмақ. Бүгін біз осы сұрақтарды қуалап, жауап іздедік.

         Сонымен болашақ автокөлігі қандай болмақ, классикалық іштен жану қозғалқышын алмастыратын баламасы бар ма? Автодизайнның көрінісі қалай сипат алады, компьютердің машинадағы атқаратын рөлі, келешекте жанармайдың орнын ауыстыратын не, яғни жанармай түрлері, - бұндай сұрақтар әркімді де қызықтыратыны белгілі.

         Әрбір жаңа автомобиль көрмесінде инженерлер ерекшелігі және функциясы тұрғысынан бірінен-бірі асып түсетін машина модельдерін ұсынуда.  Автомобиль өндірісінің алдыңғы қатарында тұрған өндірушілердің тума «туындыларына» тоқталсақ:

Dartz компаниясының электрокары

 Австралия өндірушілерінің evR450 электрлік болашақ көлігі 3,8 секундта 100 км/сағ. жылдамдықта жүре алады, ал оның максималды жылдамдығы 180 км/сағ. құрайды. Бұндай электрокарлар қазіргі уақытта өте танымал. evR450 жеңіл екі орынды электрлік автомобилдің литио-ионды элементтері бар аккумуляторлары екі электроқозғалқышты қуаттау үшін қолданылады. Электрокардың қозғалтқыштарын Ultramotive Technologie компаниясы өндірген. evR450 болашақ машинасы 2012 жылдың қаңтар айынын сатылымға шықты.

 

SQuba әмбебап көлігі

 

              Су астында стильді автокөлікте жүрген Джеймс Бондтың «мені сүйген тыңшы»  филімінен соншалық әсер алған Швейцария елінің Rinspeed компаниясының инженерлері алғаш рет су асты  SQuba автомобилін құрастырды. Суда жүретін автомобильдің үстіңгі жағы қайырмалы (ашылатын) болғандықтан SQuba машинасы 33 фут тереңдікке дейін бата алатын жүзу көлік құралына трансформаторланады. Бұл машинаны жасауға 750 000 фунт ақша қажет болды.  SQuba машинасы су астында екі пропеллер көмегімен қозғалады.

 

Jaguar Mark XXI автомобилі

    Бұл болашақ машинасының концептісін көлік құралдарының футуристикалық жобаларын құрастыратын британдық Кристофер Поллард (Christopher Pollard) жасап шықты. Өз пішінімен Jaguar Mark XXI сыртқы соны дизайны бар биономиялық автономды лимузинге ұқсайды. Сонымен қатар бұл көлік қоршаған ортаға еш зиян әкелмейді. Оның үстіңгі жағының көп бөлігі фотогальвандық элементтермен қапталған. Бұл күн энергиясын жинақтап машина қоректенетін батареялардың қуат алуына көмектеседі. Бұл көлікте жүргізушінің болуы міндетті емес, сондықтан ішкі салонының интерьері бір-біріне қараған төрт креслолардан тұрады. Бұл жайғасып әңгіме-дүкен құруға өте жайлы атмосфера.  Jaguar Mark XXI автомобилі типті автомобилдер көп күттірмей өз әуесқойларын табатын және әдеттегі көліктер қатарында болады деп болжануда.

Suzuki Q-Concept электрокары

Suzuki компаниясы мотоцикл мен жеңіл автокөліктің ортасындағы болашақ көліктің  жаңа концептісін ұсынады. Suzuki Q-Concept электрокары ептілігімен, ықшамдылығымен және қуат көзін көп шығындамайтындығымен, сонымен қоса тұрақта аз орын алу мүмкіндігімен ерекшеленеді. Мұның бәрі электрокардың жалпы көлемінің аздығынан жүзеге асады. Болашақ көлігі электрокардың ұзындығы бар-жоғы 2,5 метр, ені 1,3 метр. Suzuki Q электр қуатымен жұмыс істейді. Бір рет қуаттау арқылы 50 км қашықтықты жүріп өтуге болады.    Suzuki Q 60 км/сағ жылдамдығына дейін жүруге қабілетті.

Kobot сериялы болашақ электрокөлігі

 

Үш дөңгелекті электрлік тарту күші бар болашақ көлігі Жапония елінде токио автосалондарының бірінде ұсынылды. Kobot сериялы болашақ электрокөлігі TMSUK және  KOWA компанияларының бірлесіп жұмыс істеуінен туған. Бір жыл бірлесе жұмыс істеу арқылы компаниялар дүниеге осы типтес үш заманауи болашақ көлігін жасады, олар – үш дөңгелекті екі  Kobot және Kobot β, сондай-ақ төрт дөңгелекті Kobot ІІ  скутерлері.

Мамандардың айтуынша болашақта автомобильдердің мықты компьютерлерінің арқасында жүргізушілерде сенімді «серіктес» пайда болады, өз кезегінде бұл серіктес мойнына барлық коммуникативтік қызметтерді алады. Сондай-ақ автомобильдік компьютерлер бір-бірімен қатынас жасап, ЖКО мен кептелістерді алдын-алатын болады. Бұған қарағанда, концепт-карлардың әдеттегі қарекетін артқа қалдырып ұшып жүруге де икемді болмайтынына кім кепіл. Мүмкіндік шегі өзіміз қойғанымыздықтан  ғана бар емес пе ? Сондықтан бәрі де мүмкін...

 

АМАНГЕЛДІ АЙҒАНЫМ

 

13.11.2013 в 09:46    2004

Материал подготовил(а): newsmaker


Комментарии

Комментариев пока нет



Последние обсуждения

Злые,бессердечные, только нелюди могут сделать такое ,как их матеря ,знают об этом ,воспитали в ... Московские нацисты плеснули полуторагодовалому узбекскому ребенку кислотой в глаза.

Татьяна

07.10.2017 в 10:16

Куплю вадительское удостоверение из Алматы Где и за сколько можно купить водительские права в Казахстане.

Жасулан

27.07.2017 в 09:09

как найти машину по гос номеру , марки и цвету и региону . создала аварийную ситуацию автобусу и ... Проверить онлайн штрафы за нарушения ПДД на сайте auto.kz

Айнагуль

13.07.2017 в 14:56

Хочу узнать свои штрафы.Есть они у меня или нету? Проверить онлайн штрафы за нарушения ПДД на сайте auto.kz

Sailau

10.06.2017 в 14:47

mmm.вот такие вот пироги В сети появилось видео сдачи экзамена на вождение "купившей" права девушки.

kuandyk_121773

06.06.2017 в 22:08

Проверил свой авто.. Пишет что штрафов не найдено, а на самом деле он есть. Не работает онлайн ... Информация по работе с сайтом Auto.kz

Василий_128570

30.05.2017 в 20:38

российские менты не вмешиваются, потому что это спланированно на самом высоком уровне власти РФ! Московские нацисты плеснули полуторагодовалому узбекскому ребенку кислотой в глаза.

elena

25.05.2017 в 12:51
Последние сообщения с форума

 В том числе. Это я о материалах и сырье. Кроме того, вы не думали, что банально не тяните конкуренцию? Ведь купить все, что нужно для ... Катастрофично упали продажи в магазине стройматериалов

Viktor26

21.10.2017 в 15:41

Спрошу на счет не интернет-магазина, так как вам уже подробно разжевали, а на счет стационарного. Может все дело в некачественном ... Катастрофично упали продажи в магазине стройматериалов

nesmeyanov

20.10.2017 в 18:25

Все так сразу напали, мало ли какая ситуация.... Единственное, по себе знаю, что на взгляд обувь купить сложно.... Девушки, нужно срочно купить мужу туфли на работу

Asantina

18.10.2017 в 14:45

Правильно бросайте курить, а то потом проблемы со здоровьем начинаются, а это не очень круто!!! Вот к чему может привести курение и плюс ... Нельзя курить !

Asantina

18.10.2017 в 14:38

Я сам себя одеваю и обуваю. Только прожив со мной в браке 7 лет, жена поняла, как ей в этом плане повезло. Раньше пыталась перетянуть на ... Девушки, нужно срочно купить мужу туфли на работу

Алексей87

18.10.2017 в 12:13

Мы в социальных сетях

Мобильные приложения

iPhone/iPad
Android

Auto.kz автомобильный портал Казахстана

Использование редакционных материалов разрешается при обязательной установке активной гиперссылки на сайт AUTO.kz, для печатных изданий — с формулировкой «По материалам интернет-автопортала AUTO.kz»

2013 - 2017 © AUTO.kz

Яндекс.Метрика