“АСТАНА - ТЕМІРТАУ” АВТОБАНЫ 2016 ЖЫЛЫ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

Темиртау

Елордасы мен тұңғыш Президенттің қаласы атанған Теміртау шаһарын жалғайтын транспорттық дәлізді заман талабына сай қайтадан күрделі жөндеуден өткізу қарекеті қарқын алды. Жыл бойы жүргізілетін жаңғырту жұмыстарының нақты нәтижесінде халықаралық деңгейдегі төрт қатарлы автобанға айналатындығы айтылуда. Демек кеңестік кезеңде салынып, соңғы ширек ғасырға жуық уақыт аралығында жамап-жасқалған ескі сүрлеудің ені кеңейтілумен қатар асфальт бетонды жамылғы төселген республикалық маңызы бар бірінші дәрежелі күре жолдардың қатарына қосылмақ. Батыс пен шығыс және оңтүстікке қоса теріскейден ары-бері ағылған жеңіл және ауыр көліктер екі бағытта қос қатарлы жаңа жолмен күндіз-түні тоқтамай ағылатындығы анық. Жолды жаңғырту жұмыстарын жүргізуді міндетіне алған мердігер құрылыс компаниясы мен атқарушы билік өкілдері және құзырлы орындардың ресми мәліметіне сүйенсек биылғы жылы алғашқы он шақырымға жөндеу жасалады. Бұл - үлкен істің бастауы болмақ.

 

 

 

- Қажетті қаржы көздері қарастырылған жоба бойынша ескі жол күрделі жөндеуден өтіп, техникалық негіздемелер бойынша төменгі қабатына ұзақ жылдарға шыдамды және беріктік қасиеті бар мықты төсеніштер орнатылады, - дейді бұқаралық ақпарат құралдарының журналистерімен сұхбатында “ҚазАвтоЖол” акционерлік қоғамының қарағандыдағы филиалының директоры Қанат Шаймин. – Жобаның басты мақсаты көлік қозғалысы көп өңірдегі транспорттық дәлізді жақсарту арқылы жолаушыларға жайлы жағдайлар жасау. Осыған орай кейбір елді-мекендер мен аудан орталықтарына бағытталған жолайырықтар салынып, жарықтандырылады. Және жаңа аялдамаларға қоса заманауи автопавильондар қойылмақ. Болжам бойынша жолды ақылы өткелге айналдыру бағытында арнайы құрылғылар мен қажетті жабдықтар арқылы жарақтандыру жоспарланған.

“Анар-Осакаровка” бөлігінде құрылыс жұмыстарына кіріскен кәсіби мамандар қазіргі кезде алғашқы он шақырымдық жолдың бойына темір бетон құрастырмаларын қойып, су ағатын желілерге қоса топарақтың төменгі қабаттарын нызыздай бастағанын білдік.

- Биылғы жылдың соңында жобалық жұмыстардың екінші кезеңіне көшудің дайындықтарына кірісіміз, - дейді “ҚазАвтоЖол” акционерлік қоғамының қарағандыдағы филиалының директоры Қанат Шаймин. – “Теміртау-Қарағанды- Балқаш” бағытындағы жалпы ұзындығы 450 шақырымды құрайтын үлкенжолды жөндеу үшін қажетті жұмыстардың жобалау сметалық құжаттары сарапқа салынады. Бұл жол кеншілер қаласынан басталатындықтан, айналмалы жол және жол айырықтары салынуы тиіс. Қажетті құжаттар толықтай әзірленген соң құрылыс жұмыстары келесі жылы басталса, алдағы екі жылда толықтай елдің игілігі үшін пайдалануға берілетіндігі даусыз. Жаңғыру жұмыстары жасалған бұл жолдың да ақылы болуы мүмкін. Қалтаға қаншалықты салмақ салатындығы дер кезінде нақтылатындықтан, қазір кесіп айту қиын.

Қызылорда мен Павлодар аралығындағы күре жолдың ұзындығы 98 шақырым. Бұл сырбойылықтар мен жезді өңір жұртшылығын байланыстыратын бірден-бір автокөлік дәлізі. Қаншама мерзім өтсе де топырақтың үстіне төгілген тастың үстіне асфальт жамылғысы төселмегені жолаушылардың жанына бататындығы қарапайым көпшіліктің ренішін туғызып, атқарушы билік басшылары мен халық қалауларына талай мәрте ескертілгені елдің есінде. Биылғы қазан айында сарапшы мамандар жөндеу жұмыстарына қажетті қаржы көлемі мен атқарылатын шаруалардың барысын талдау арқылы нақты жобалық шешім қабылдаса, келесі жылы осы жолдың бойына асфальт төселетіндігін естіп қандық.

“Жезқазған-Есіл-Петропавловск” бағытындағы ұзындығы 115 шақырымдық жолды қайта жаңғырту жоспарланған. “Бастау-Ақтау-Теміртау” бағытындағы ұзындығы 41 шақырымдық жолды жөндеу жұмыстары жалғасса, “Астана-Рождественка-Киевка-Теміртау” бағытындағы ұзындығы 21 шақырымдық жолдың да құрылысында қарқын күшейіпті. Екі жоба бойынша төменгі топырақты бекіту және су құбырларын жүргізу жұмыстары тиянақталып, кезекті кідіріссіз шаралар атқарылуда екен.

“Астана-Рождественка-Киевка-Теміртау” бағытындағы атокөлік жолы бойында өзен арқылы жаңа көпір салудың жұмыстары кестеге сай атқарыла бастағаны айрықша атап айтылуда.

                  Нұрлан ТІЛЕГЕНҰЛЫ, Астана қаласы. 18. 10. 2013 жыл.

23.10.2013 в 18:59    466

Материал подготовил(а): newsmaker


Комментарии

Комментариев пока нет



Последние обсуждения

Да в школах сейчас отношение к физическому состоянию школьников не из лучших. Мой сын учится в 5 ... Стала известна причина смерти школьника из Астаны

Родитель

02.12.2016 в 21:49

Тяжело видеть, как умирают дети. Почему школьный врач не смог оказать первую помощь? Почему ... Стала известна причина смерти школьника из Астаны

Сагидолла

02.12.2016 в 19:46

Насильнику, убившему 6-и летнюю девочку из Актау - беспрекословно требовать смертную казнь, в ... Двойная смерть детей при пожаре в Павлодаре

Владимир Кашпаренко

30.11.2016 в 02:49

,,,,, Проверить онлайн штрафы за нарушения ПДД на сайте auto.kz

Азат

29.11.2016 в 20:19

прибить таких матерей которые так делают Дважды выкинуть новорожденных в туалет и получить за это всего 1,5 года тюрьмы

Исахан

26.11.2016 в 13:21

У меня зарплата 50000 тенге если отдать 25000 тенге как я содержу семью грааабяяяят ауууууу ... Обязательное страхование для всех водителей или сколько стоит страховка на автомобиль в Казахстане? 

Алик

25.11.2016 в 23:28

Офигеть расценки... человеческую жизнь в 70к оценила 54-летняя женщина заказала убийство сожителя

Viper

25.11.2016 в 19:39

Мы в социальных сетях

Мобильные приложения

iPhone/iPad
Android

Auto.kz автомобильный портал Казахстана

Использование редакционных материалов разрешается при обязательной установке активной гиперссылки на сайт AUTO.kz, для печатных изданий — с формулировкой «По материалам интернет-автопортала AUTO.kz»

2013 - 2016 © AUTO.kz

Яндекс.Метрика