АЛДА ҚЫС, - ҚАНДАЙ ШИНА ТАҢДАҒАН ДҰРЫС

«Тікенекті» ма, әлде «Жабысқақ» па? Бұлардың қайсысы таңдауға тұрарлық деген сұраққа нақты жауап жоқ, өйткені алдағы бірнеше маусымға шина таңдау барысында бір сапаны екіншіге айырбастауға тура келеді.

Қыс мезгіліндегі басты талап әрине әртүрлі жол жабындыларындағы  (қар, мұз, тас жол, балшық) тежеу ұзақтығы. Сондықтан «тікенектер» үшін артық төлем жасаудың қажеті бар ма, жоқ па, - өзіңіз үшін шешіп алатын бастапқы мәселе бұл.

«Тікенектердің» басты артықшылығы көліктің мұздағы (әсересе еріген) және қатты нығыздалған қар үстіндегі сенімді жүрісі. Статистика бойынша жүргізушілердің 70 % тікенекті шиналарды пайдаланады. Сондай-ақ бұған балама – жұмсақ, тікенексіз, «жабысқақ» шиналар да жиі қолданылады.  Бұндай резеңке жұмсақ және еріп жатқан қардың үстінде жүруге ыңғайлы.

Алайда тікенектілердің де кемшіліктері бар. Мысалға, «тағаланған»  резеңкенің шуылы көбірек болады және тас жолды бұзғыш келеді. Көптеген мемлекеттерде «тікенектілермен» жол жүру тек белгіленген айларда ғана рұқсат етілген, ал кейбір жерлерде  мүлдем рұқсат етілмеген. Мысалға Ресейдің өзінде қазіргі күні жазғы айларда тайғанауға қарсы шиналармен жинақталған көлік құралдарын пайдалануға, ал қысқы уақытта қысқы шиналармен жинақталмаған көлік құралдарының жол жүрісіне тыйым салу туралы заң қарастырылып жатыр. Осы заң авторларының бірі Фдедерация кеңесінің мүшесі Вадим Тюльпанов: «Бұл жердегі қысқы шиналар дегеніміз, барлық қысқы шиналарға қатысты айтылып тұр, тек қана «тікенектілерге» қатысты емес, «Тікенектілер» дегеніміз – қысқы шиналардың бір түрі ғана», -  дейді.  Сәйкесінше болашақта бұл заңды бұзғандарға тиісінше айыппұл салынады екен (2000 рубль). Заң сонымен қатар пайдалануға жатпайтын шиналарды қолданғандарға да қатысты болмақ дейді авторлары.   Сонымен қатар тікнекті шиналар тура сол өлшемді «тікенексізге» қарағанда 40-50%  қымбат және таза тасжолда тежеу жолын ұзартады (алайда соңғы модельдегі көліктердің тестеріне қарағанда «жабысқақ» та қалыс қалмайды), тежеу барысында бекемділігі аз. Бірақ тікенектілердің ішінде де түрлісі бар.  

Ауа райы құбылмалы болған жағдайда мамандар «тікенектілерді» пайдаланған жөн дейді, себебі тасжол қанша тазаланған болса да аулалар үнемі көк тайғанақ. Бұндайда тікенектілерден асатыны жоқ.

Сонымен шина аларда бірінші машинаның маркасына сәйкес болғанын ескерген жөн, мысалға американдық автокөлік үшін – америкалық, неміс көлігі үшін – неміс өнімін алған дұрыс. Егер сіз өз автомобиліңіздің шинасы және дискілерінің өлшемін білмейтін болсаңыз онда шина мен дискілерді автомобиль маркасы бойынша таңдауға болады. Мысалы, интернет желісіндегі көптеген  автосайттарда автомобиліңіз жөніндегі деректерді көрсете отырып сізге келуі мүмкін өлшемдердің тізімін ала аласыз. 

Шинаның өлшемі неғұрлым тар болса, жоғары қабатының үлестік қысымы және ілінісу қабілеті соғұрлым жоғары болады. Ал шинаның су бұру қасиеті бар болса ( протектордағы жырашық) тіптен жақсы.

Басым көлік иелері қысқа бір өлшем кем алады: 15 дюймнің орнына 14, 14 дюймнің орнына 13. Бұл үнемдеуге және ілмекке (подвеска) аз салмақ түсіру үшін дөңгелектің салмағын азайтуға мүмкіндік береді.

Қалың қардың дөңгелекке жабыса бермеуі үшін жоғары профильді резеңке таңдау арқылы автомобильді көтеріңкіреп қоюға болады.

Сонымен қатар шина сатып алу кезінде жылдамдық индексіне, яғни резеңкені пайдаланудағы рұқсат етілетін максималды жылдамдыққа да назар аударған дұрыс. Жылдамдық саны латын әріптерімен бүйір тұсында көрсетілген ( L - 120 км/сағ. көп емес, N – 140 км/сағ. көп емес, Q - 160 км/сағ. көп емес,  T –  190 км/сағ. көп емес және тағы басқа). Q индексі бар шиналар өте сирек кездеседі. Индексі жоғары көрсеткішті білдіретін шиналарды таңдау тиімсіз, себебі қыс мезгілінде жоғары жылдамдықта қозғалу қауіпті, ал бір маркадағы әртүрлі индексті шиналар бағасының айрмашылығы ауқымды болады. Шина сатушылары көлікті көрсетілген индекстегі жылдамдықтан 10 % төмен жылдамдықта жүргізу керек деп кеңес береді, бірақ жылдамдықты аз уақытқа жоғарылату соншалықты қауіпті емес.

Енді шинаның құнына келсек, тәжрибелі жүргізушілердің айтуына қарағанда дұрысы – міндетті түрде ең соңғы модельден алу емес, ескі модельдікі  болса да импортты болғаны. Себебі шина өндірушілердің соңғы жетістіктері үшін қомақты қаржы беруге тура келеді, ал алдыңғыларды кейінгі жетістіктермен сапасы тұрғысынан салыстырғанда соншалықты айырмашылық болмауы да мүмкін.

Ешқашан алдыңғы доңғалақтарға ғана «тікенектілерді» орнату арқылы үнемдеуге болмайды. Бір оське «тікенекті», екіншісіне жазғы резеңке кигізу  өте қауіпті.

Айтпақшы «тікенекті» шинаны сатып алғаннан кейін алдын-ала жүріп өткен жөн. Себебі резеңкеге ауқымды күш тастаудың алдында «тікенектер» ысылып, протекторда бекуі тиіс. Сондықтан жаңа алған шинада бастапқы 500-1000 километрді 70-80 км/сағ. жылдам айдамау керек. 

09.12.2013 в 12:27    1153

Материал подготовил(а): newsmaker


Комментарии

Комментариев пока нет



Последние обсуждения

Всем салам немагу проверить штрафы на правах Проверить онлайн штрафы за нарушения ПДД на сайте auto.kz

Бадырхан

14.01.2017 в 17:05

Очень Жаль, много хороших людей погибло, соболезную родным и близким. Экспертам удалось опознать тела 70 погибших в авиакатастрофе в Сочи

Александр

13.01.2017 в 18:47

Здравствуйте! За какой период можно узнать штраф? Проверить онлайн штрафы за нарушения ПДД на сайте auto.kz

Айнур

11.01.2017 в 19:03

Здраствуйте! Подскажите пожалуйста, с этого сайта все штрафы можно увидеть? За какой период Проверить онлайн штрафы за нарушения ПДД на сайте auto.kz

Айнкр

11.01.2017 в 19:02

Проверить штрафы Проверить онлайн штрафы за нарушения ПДД на сайте auto.kz

Erdaulet

06.01.2017 в 19:22

скорее всего,при заведении двигателе поднимать на домкрате нельзя.Машину перекосило и компьютер ... Дорогой автомобиль убил собственного хозяина

Руслан

23.12.2016 в 19:13

Надоели эти ДЯТЛЫ завидует неверное! стройет дома по беспредела и частных порковок много только по ... Пользователи социальных сетей помогают наказывать нарушителей ПДД

16.12.2016 в 23:23

Мы в социальных сетях

Мобильные приложения

iPhone/iPad
Android

Auto.kz автомобильный портал Казахстана

Использование редакционных материалов разрешается при обязательной установке активной гиперссылки на сайт AUTO.kz, для печатных изданий — с формулировкой «По материалам интернет-автопортала AUTO.kz»

2013 - 2017 © AUTO.kz

Яндекс.Метрика