АЛДА ҚЫС, - ҚАНДАЙ ШИНА ТАҢДАҒАН ДҰРЫС

Әлдекімге шинаны таңдағаннан оңай нәрсе болмауы мүмкін. Қалаған жеріңе барасың, радиусын, моделін таңдайсың  да тапсырыс бере саласың. Бірақ бұл тек теория жүзінде,  іске келгенде автокөлік иелері көптеген нюанстарға тап болады.

Кез-келген шинаның сипаттамалары бірқатар парметрлермен анықталады: ілінісу (сцепные) қасиеті, бағыттық бекемділігі, басқаруға  икемділігі, тежеу тиімділігі, жүру жайлылығы, шуыл өлшемі, тозбауға төзімділігі және т.б.

Қандай шина таңдаған дұрыс – импортты ма, жоқ әлде отандық па, қандай өндірушінің шинасы жақсы, протектор суреті қандай болса, «тікенекті» болғаны дұрыс па, әлде «тікенексіз» болғаны дұрыс па, - бұның бәрі тек қана жүргізуді енді бастағандар үшін емес, сонымен қатар тәжрибелі жүргізушілерді де толғандыратын сұрақтар.

Бүгінде автошина өндірісі қарыштап дамып келеді. Шиналардың сипаттамасы әрбір нұсқасы шыққан сайын жетіле түсуде. Соған  сәйкес авторезеңкелерді өндірушілердің де саны көбейіп барады. Самсаған ұсыныстардың арасында өзіңе керегін таңдау барысында шатасып та қаласың. Импортты және отандық автошиналардың сапасы жөнінде де қайшы пікірлер туындап жатады. Енді бұл келіспеушіліктерді оңай шешуге болады.

Сонымен,  біріншіден отандық автокөліктер үшін отандық доңғалақ тысы, ал ипорттық көліктер үшін – импорттық шиналар дұрыс. Ал енді осы импорттық өндірушілердің арасынан ең сапалыларын таңдауда мынанікі жақсы, бұнікі жаман деп айту қиын, себебі әр өндірушінің маусымдық шиналарды жасауда  өз ерекшеліктері бар. Мысалға, бір өндіруші қысқы резеңкелерді жасауда алда болса, келесі бірі –жазғысын, үшіншісі – барлық мезгілге арналған шиналарды өндіруде алдына жан салмайды.

Екінші кезекте қысқы шина ма, әлде барлық маусымдық па? Әрбір жаңа жүргізушіні мазалайтын алғашқы сұрақ бұл. Барлық маусымдық шинаны біреулер үнемдеу мақсатында пайдаланады, енді біреулер бастапқы комплектіні лақтырғысы келемейді, сатып алуға уақыты немесе қалауы болмайды. Ал өзгелері болса «ол барлық маусымға арналған, яғни аязға да жарамды» деп есептейді. Егер біз Америкада немесе еуропада тұрған болсақ мүмкін бұлай ойлауға болар, бірақ біздің жағдай басқа. Біздің жағдайда бұлай үнемдеу қауіпті. Онсыз да қатты резеңке температура 10 градустан төмендеген кезде тежеу мүмкіндігін ұзарта түсіп қатып қалады. Сондықтан да мамандар бірауыздан: маусымдық шиналар жазда да қыста да жайлы емес деп санайды, яғни таңдау қысқы шиналарға түседі. Айта кетерлік,  қысқы шиналар материалының тиісті сапасын, яғни оның  аязда қатып қалмайтындығын білдіретін М+S деген белгіге ие және оның протекторында арнайы суреті болады.

                                                                                             

(Жалғасы бар)

 

АЙҒАНЫМ АМАНГЕЛДІ

                                                                  

09.12.2013 в 12:22    525

Материал подготовил(а): newsmaker


Комментарии

Комментариев пока нет



Последние обсуждения

Ты что, нерусский штоле? Простые слова и выражения даже не понимаешь. В Атырау повешенным в гараже нашли армейского лейтенанта.

Путин

07.12.2016 в 11:33

Недавно делала страховку на автомобиль и мне сообщили, что с нового 2017 года цены на страховой ... Обязательное страхование для всех водителей или сколько стоит страховка на автомобиль в Казахстане? 

diamond

07.12.2016 в 10:42

Что за постановка слов в предложении господа журналисты. Абрра кадабрра какая то. Что значит ... В Атырау повешенным в гараже нашли армейского лейтенанта.

влад

07.12.2016 в 10:16

Пока нет начнут казнить за подобное-будет продолжаться насилие.Смерти боятся все,даже такие ... Страшная смерть 6-и летней Вики из Актау. Родственники девочки просят смертной казни для насильника

Злюка

07.12.2016 в 09:38

Проверить штрафы Проверить онлайн штрафы за нарушения ПДД на сайте auto.kz

Жасулан

04.12.2016 в 23:42

Да в школах сейчас отношение к физическому состоянию школьников не из лучших. Мой сын учится в 5 ... Стала известна причина смерти школьника из Астаны

Родитель

02.12.2016 в 21:49

Тяжело видеть, как умирают дети. Почему школьный врач не смог оказать первую помощь? Почему ... Стала известна причина смерти школьника из Астаны

Сагидолла

02.12.2016 в 19:46

Мы в социальных сетях

Мобильные приложения

iPhone/iPad
Android

Auto.kz автомобильный портал Казахстана

Использование редакционных материалов разрешается при обязательной установке активной гиперссылки на сайт AUTO.kz, для печатных изданий — с формулировкой «По материалам интернет-автопортала AUTO.kz»

2013 - 2016 © AUTO.kz

Яндекс.Метрика